Қорғаныстың полиграфиялық тәсілдері
Банкнот фабрикасы басқа банкнот фабрикасы немесе бірде-бір коммерциялық типография басып шығара алмайтын 100 түрлі баспалық өнімді өндіреді.
Банкнот фабрикасында шығарылатын әрбір өнімде жасырын түрдегі көптеген қорғаныстық сипатты белгілер бар. Оларды анықтау үшін мамандарға ғана танымал сынақ тәсілдері мен жабдықтар қолданылады. Осы шаралар арқылы фабрика сарапшылары жалған құжаттарды дайындауда қандай тәсілдерді қолданғандарына қарамастан өз өнімінің түпнұсқалығын сенімді түрде анықтай алады.
Қазіргі кезде категориялар бойынша қорғаныстық дәрежені анықтау мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні Банкнот фабрикасында барлық категориялы қорғаныс элементтерінен тұратын баспалық өнімдерді шығаруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен технологиялар бар.
























